БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыЖШС «Balym-Ai» бөбекжай-балабақшасы  
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы,Сайрам ауданы,Манкент ауылы,Жалал-Ата көшесі 2/9үй.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, вебсайт)Ұялы телефоны: + 7-707-869-22-91. Электрондық поштасы: arman.sadykova@bk.ru Balymai418@gmail.com https://balym-ai-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т. А. Ә, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Толендиева Гаухар Бекасыловна. ЖШС «Balym-Ai»»бөбекжай балабақшасы  құрылтайшысының шешімі бойынша 2019 жылдың 21 сәуір күні №1бұйрықпен тағайындалсын.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анаықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 12 наурыз 2019 жылы берілген. БИН: 190240011168
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон 2019 жылғы 24 сәуір. № KZ34RVK00020051  хабарлама берілген
7Құрылған жылы2019 жыл
8Типтік ғимаратЕкі  қабатты Іғимарат.
9Топтар саны13
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі/Орыс тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешіліер: Күні бойы
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенКіші топ 3 – күні бойы Орта топ 3 – күні бойы Ересек топ 4 – күні бойы        МАД топ 3-күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБөбекжай-балабақша орны 300 балаға арналған. №X.07.X.KZ50VBS00131639 Құжаттың бірегей нөмірі: KZ12RBP00156725 Берілген күні: 25.01.2019ж Бөбекжай-балабақша орны 300 балаға арналған. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Бөбекжай-балабақша ғимараты екі қабатты І ғимаратты типтік жобада  салынған. Жалпы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бойынша 300 орынға берілген 13топ жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда 300 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Әр топ 20 – 25 балаға лайықталған. Бөбекжай-балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді, таңғы 8.00 – бастап, кешкі сағат 18.30 – ге дейінгі уақыт аралығында.

Кіші топ: «Балауса», «Жұлдыз», «Еркетай»

Орта топ: «Балдырған», «Балбөбек», «Шұғыла»

Ересек топтар: «Достық», «Солнышко», «Қарлығаш», «Радуга»

МАД топтар: «Күншуақ», «Байтерек», «Айгөлек»

Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде және орыс тілінде тәрбиеленеді.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, мед кабинет,есепші кабинеті,психолог кабинеті,логопед кабинеті,консультациялық пункт, асхана, қойма, кір жуу, бөлмелері бар. Материалдық техникалық базасы стандартқа сай жасалған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері талапқа сай орнатылған. Су орталықтандырылған. Бөбекжай-балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Күзет агенттігімен келісім – шартқа отырған.

Бөбекжай-балабақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар мен гүлдер отырғызылған. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен қатар, әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары мен күркелері қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.

Бөбекжай-балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші кабинеті;
  • Әдістемелік кабинет;
  • Медбике кабинеті;
  • Логопед кабинеті;
  • Психолог кабинеті;
  • Есепші кабинеті;
  • Шаруа меңгерушісі кабинеті;
  • Музыка жетекшісі кабинеті;
  • Дене шынықтыру кабинеті;
  • Қазақ тілі маманы кабинеті;

Қолданыстағы құрал – жабдықтар:

  • Теледидар –  2 дана;
  • Компьютер – 15 дана;
  • Ноутбук – 2 дана;
  • Түсті принтер – 1 дана;
  • Принтер – 2 дана.
  • Интерактивті тақта -12 дана
  • Проектор -12 дана
  • Интерактивті үстел-12 дана

Ата – аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.